Аймақтар • 30 Мамыр, 2018

Ертіс ауданы 100 мыңнан астам гектар алқапқа дәнді-дақылдар егіледі

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері егіс алқаптарында сандық технологияға негізделген дән себудің заманауи кешендері қолданылуда. Себілетін тұқымның нақты көлемі, жанар-жағармайдың жұмсау мөлшерін автоматтандырылған техника басқаруда. 

Ертіс ауданы 100 мыңнан астам гектар алқапқа дәнді-дақылдар егіледі

Көктемгі дала, егіс жұмыстарына 1397 техника жұмылдырылған, 44 заманауи себу кешені бар. Тракторлардың 54 пайызы, комбайндардың 60 пайызы жаңартылған. Биыл тағы  жаңа ауылшаруашылық техникалары сатып алыныпты. Техникалар құнының 20-25 пайызы инвестициялық субсидия ретінде қайтарылып берілмек. Көктемгі егіс жұмыстарына үшін ауданға 3555 тонна жанармай бөлінген. Минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерге субсидия беріледі.  236 903 гектар жерді электронды картаға енгізу жоспарлануда.

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің мәліметінше, былтыр аудан диқандары гектарынан орташа есеппен 12 центнерден астық жинады.       Көктемгі егіс науқаны алдағы айдың басында аяқталады. Биыл  ауданы бойынша жалпы егістік алқабы 263 133 гектар болса, 210 мың гектар дәнді дақылдар, 26 мың гектарға жуық алқапқа майлы дақылдар егілсе, 450 гектарға картоп отырғызылды.  Ауданда көктемгі егіске 33 608 тонна тұқым әзірленіп, арнайы зертханалық тексеруден өткізілген.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар